Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында 285 млн теңге үнемдеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында 285 млн теңге үнемдеді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы Департамент қызметінің қорытындысы бойынша жеке құраммен жедел кеңес өткізді.

Мәселен, 3 ай ішінде «Бизнеске жол» жобасы аясында 5 кейс рұқсат етілді, 112 млн теңге сомасына 13 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 285 млн теңгеге бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді.

Әкімшілік практика бойынша мүдделер қақтығысы және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша 2 хаттама жасалды, жалпы сомасы 533 мың теңгеге айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер 5 қоғамдық мониторинг жүргізіп, 170 азаматқа тегін заң көмегін көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» әңгімесін ілгерілету аясында 5 мыңға жуық азаматты қамтитын 66 іс-шара өткізілді. Оның ішінде «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында оқушылармен және студенттермен 22 кездесу өтті.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы челлендж іске қосылды.

Кеңес нәтижелері бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алға қойған міндеттерді ескере отырып, жауапты тұлғаларға және барлық жеке құрамға бірқатар нұсқаулар мен тапсырмалар берілді, кеңес хаттамасына енгізіле отырып, тиісті шешімдер мен ұсыныстар әзірленді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП