Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Көкшетау қаласының тұрғындарына құқықтық қолдау көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Көкшетау қаласының тұрғындарына құқықтық қолдау көрсетті

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Көкшетау қаласының «РИО» СОО базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде азаматтарға тегін заңгерлік кеңес өткізді.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері және басқалар қатысты.

Азаматтардың мәселелері жер учаскелерін ресімдеу, банктік шоттардан тыйым салуды алып тастау, шетелдік азаматтарға мүлікті тіркеу, тұруға ықтиярхат алуға өтініш беру, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды жасау мәселелері бойынша болды.

Өтініш білдіргендердің барлығына білікті көмек көрсетілді және қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП