Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және «Б» корпусының басқарушы мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы алдын алу дәрісін ұйымдастырды.
Іс-шараға Департамент өкілі Аманжол Құсайынов, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдар басқармаларынан 40-қа жуық қызметкер қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері, сондай-ақ практикалық кейстер қаралды.
Сонымен қатар, олардың кәсіби қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жою және азайту бойынша ұсыныстар берілді.
«Басшыларда этикалық стандарттар мен құқықтық жауапкершілік туралы нақты түсінік қалыптастыру — сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды элементі», - деп атап өтті А.Құсайынов.
Соңында тыңдаушылар мемлекеттік қызмет атқару кезінде заңдылық пен сатылмаушылықты сақтауға, ішкі бақылау жүйесін қолдауға және ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарға бейілділігін нығайтуға шақырылды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП