«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында «AntiParaCraft» Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының бесінші маусымының финалы өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова, жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламалары студенттерінің командалары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін шешуге дайындық пен қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті, командалар визит карточкаларын ұсынды, ал капитандар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын қорғады.
«Студенттер - денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс және құқықтану саласындағы болашақ мамандар сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік маңызы бар салалар үшін жағымсыз салдарын терең түсініп, көрсете алды» - деп атап өтті Сағыныш Аяғанова.
Ойын қорытындысы бойынша қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталған «ПАРАЦЕЛЬС» Көкшетау жоғары медициналық колледжі студенттерінің командасы үздік атанды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП