Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындыларын ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындыларын  ұсынды

Ағымдағы жылдың 31 наурызында «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханның қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әкімшілік практика, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерліктің сәтті кейстері ұсынылды.

ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелеріне сәйкес, нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, процестерді төмен цифрландыру және автоматтандыруға байланысты тәуекелдер анықталды.

Осылайша, 54 млн теңгеге сатып алынған «Е-дендра» ақпараттық жүйесінің жұмыс істемейтіні анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кепілді мерзім 5 жылға дейін ұзартылып,  жасыл желектер туралы мәліметтер толықтырылып және халықтың осы ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Антикорволонтерлердің қатысуымен ағаштарды кесу жұмыстарының іріктемелі мониторингі нәтижелері бойынша орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактілері анықталды, алдын ала келтірілген шығын 9,5 млн теңгені құрады.

Департаменттің бастамасымен ТКШ қызметтері объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде міндетті түрде қоғамдық бақылау өкілдерін тартатын болады.

Облыс әкімдігімен бірге өңірдің инфрақұрылым құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау бойынша Жол картасы әзірленіп бекітілді.

Департаменттің уақытылы жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау сатысында шамамен 270 млн теңгені тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында 100 млн теңгеден астам сомаға 13 кәсіпкердің құқығы қорғалып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Көкшетау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы тартылды.

Сөз соңында Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде азаматтық қоғамды Департаментке сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы ақпарат беруге шақырды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП