Заң мен тәртіп: жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын нығайтуға арналған кездесу Ақмола облысында өтті

Заң мен тәртіп: жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын нығайтуға арналған кездесу Ақмола облысында өтті

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» білім беру дәрісін өткізді.

Іс - шара барысында спикер оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сыбайлас жемқорлықтың неліктен проблема екендігі туралы айтып берді.

«Студенттер – ертеңгі күннің көшбасшылары. Сіздер еліміздің болашағын қалыптастырасыздар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық пен әділдіктің жарқын үлгісін көрсетуге ерекше мүмкіндіктеріңіз бар», - деп атап өтті Бақыт Төребекова.

Іс-шара соңында тыңдаушылар әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көріп, Антикор 1424 Call-орталығының жұмысы туралы толығырақ ақпарат алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП