Заң мен тәртіп: Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ҰТО филиалымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Заң мен тәртіп: Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ҰТО филиалымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

 «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» филиалының қызметкерлері арасында академиялық адалдықты қолдау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ZOOM онлайн-алаңы арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Б.Туребекова Атбасар қаласындағы «Ұлттық тестілеу орталығы» филиалының басшысы Г. Мейрамовамен семинар өткізді.

Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістерін, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру тәсілдерін және білім беру үдерісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын түсіндірді.

Өз кезегінде филиал басшысы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Бірінші басшылардың жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке және басқаларға қатысты сұрақтар қойды, осыған байланысты қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес нақты түсініктемелер берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП