Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК облыстық филиалының басшылығы жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында филиалдың лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс қаралды.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент бірқатар нақты ұсынымдар енгізді, оның ішінде басшылардың өз бағыныштыларының жұмысын бақылауды күшейту, алдын алу шараларының формальды тәсілін болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.

Департамент басшылығы қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Өз кезегінде филиал басшылығы ұйымда қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы баяндады.