Ақмола облысында экологтарға жемқорлық үшін жауапкершілік туралы айтылды

Ақмола облысында экологтарға жемқорлық үшін жауапкершілік туралы айтылды

Мемлекеттік қызметкершілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Экология департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы соңғы новеллалар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілді. Оларға сәйкес негізсіз байыту үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көзделген. Бұл норма лауазымды тұлғалардың кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Енді бұл адамдарды мемлекеттік органның немесе ұйымның тәртіптік комиссиясының ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Бұдан басқа, Тұжырымдамада цифрлық теңгенің көмегімен бюджет қаражатын игеру процестерінде ақшаны таңбалау және қадағалау тетігін енгізу көзделген. Қазіргі таңда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында бюджет қаражатын игеру үдерістерінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ, қатысушыларға өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының бағыттары, "Бизнеске жол" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобалары туралы айтып берілді.