Ақмола облысында полиция подполковнигі 7 жылға сотталды

Ақмола облысында полиция подполковнигі 7 жылға сотталды

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Аталған тұлғалар бір топ адаммен  алдын ала сөз байласа отырып, қызметтік автокөлік құралдарына арналып бөлінген 100 млн теңге сомасындағы ЖЖМ талондарын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімді жариялау сот залында патрульдік полиция ротасының жеке құрамының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.