Ақмола облысында заңсыз орналасқан қоқыс үйінділерін қоғамдық кеңес өз бақылауына алды

Ақмола облысында заңсыз орналасқан қоқыс үйінділерін қоғамдық кеңес өз бақылауына алды

Сандықтау ауданының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысында экология мәселелері талқыланды.

Отырысқа өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының, аудандық Қоғамдық кеңестің, аудандық мәслихаттың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар Шыңғыс Әкімбеков экология саласының проблемалық мәселелері ерекше бақылауда екенін, олар өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілгенін атап өтті. Сондықтан қазіргі уақытта Департамент Қоғамдық кеңестермен бірлесіп, көшпелі мониторингтер және экология мәселелеріне қатысты мүдделі мемлекеттік органдарды тыңдау бойынша отырыстар өткізуде.

Отырыс барысында ауданның ауылдық округтерінің әкімдері және қоқыс шығаратын кәсіпорны елді мекендерді абаттандыру және стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Айта кетейік, бұған дейін жұртшылық Сандықтау ауданының ауылдық округтерін абаттандыруға мен ҚТҚ полигонын пайдалануға көшпелі мониторинг жүргізіп, проблемалық кемшіліктерді анықтап, тиісті ұсыныстар енгізген болатын. Ұсынымдардың ішіне елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалауды бақылауды күшейту, ҚТҚ полигонының жай-күйіне назар аудару (бұрғылау, өртке қарсы жырту, полигонды қоршау), рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін пайда болуын болдырмау, сондай-ақ ҚТҚ полигонын күтіп ұстау үшін арнайы техниканы ұзақ мерзімді жалға алу шартын жасасу кіреді.

Сонымен қатар, жұртшылық ҚТҚ полигондарын орналастыру үшін жер учаскелерін рәсімдеу мәселесін көтерді. Қоқыс үйінділерінің көп бөлігі құжатталмаған.

Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл құрудың одан әрі жолдарын анықтады.

Атап айтқанда, Комиссия уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ауданның ауылдық округтерінде ҚТҚ-ны орналастыру және сақтау үшін жер учаскелерін рәсімдеуді және заңдастыруды қарауды, бірлескен көшпелі қоғамдық мониторингтерді жүйелі түрде жүргізуді, Тәуекелдер картасының проблемалық мәселелерін аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды.