Өскелең ұрпақтың бойында ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен 14-18 қараша аралығында қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлинге арналған «Адалдық сағатын» өткізілуде.
Ілияс Есенберлин революция алдындағы қиын кезеңде Ақмола өңірінің Атбасар қаласында дүниеге келген. Ол ерте жетім қалып, балалар үйіне жіберілді. Онда ол әдебиетке қызығушылық танытып, алғаш рет қабырға газеттеріне өлең жаза бастады.
1940 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде майданға аттанып, ауыр жарақат алды. «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Ленинградты қорғағаны үшін» екі медальмен марапатталған.
Оның алғашқы поэтикалық шығармалары 1945 жылы жарық көрді. Бірақ соғыстан кейінгі уақытта ғана ол өзінің әдеби шығармашылыққа бейімділігі бар екенін түсінді.
Жазушы өз халқының тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол ғылыми монографияларды оқыды, мұрағаттарға барды, бастапқы дереккөздерді мұқият зерттеді. Жазушының өз елінің тарихи өткеніне терең енуіне өз Отаны үшін, өз халқы үшін уайым сезімі ықпал етті.
Ілияс Есенберлиннің шығармалары көтерілген мәселелердің маңыздылығымен және оларды шешудің батылдығымен ерекшеленеді. 1969-1973 жж. ол өзінің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын жазды, онда қазақтардың батыл күресі мен ұлтаралық соғыстар тарихы, сатқындық пен халыққа адалдық тарихы жазылған. «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын орда», «Қауіпті өткел» тарихи шығармалары, «Алтын құс», «Айқас» романдары және тағы басқа романдар дүниеге келді.
Жазушының кітаптарын әлемнің көптеген тілдеріне аударудың арқасында адамдар қазақ халқы мен оның батырлық тарихы туралы білді. Осы уақытқа да дейін оның шығармалары қазіргі ұрпақ арасында өте танымал.
Ілияс Есенберлин өмірдегі қиындықтарға қарамастан, өмірді сүйетін адам болды, сондай-ақ күшті ерік-жігерге, үлкен шыдамдылыққа және феноменальды есте сақтауға ие болды.
Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ Департаменттің ресми сайтында орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі оқу орындарының оқушылары қатысты.
Бейне-дәріске сілтеме: