Ақмола облысында жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Ақмола облысында жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Асхат Вазировқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, он еселенген келтірілген залалдың сомасы, яғни 10 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Вазиров өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен қосымша жер учаскелеріне жалға беру құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен жалпы сомасы 1 000 000 теңге ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.