Аdal kómek: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тегін кеңес беру

Аdal kómek: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тегін кеңес беру

Құрметті ақмолалықтар!

«Адал көмек» жобасы шеңберінде ағымдағы жылғы 11 тамызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Antikor оrtalyǵy-нда (мекенжайы: Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 71/1) Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышұлы Қуанышбаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтеді.

Тақырыптар:

- коммуналдық қызметтер көрсету (электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру) саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету;
- халыққа сапалы ауыз су беру;
- алдағы жылыту маусымына дайындық;
- Ақмола облысын газдандыру және газбен жабдықтау туралы.

Құрметті азаматтар, 8 707 655 57 85 Whatsapp нөмірі арқылы қабылдауға жазыла аласыздар.