Бүгін «Заң мен тәртіп» апталығы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлардан алынған және мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен салынған әлеуметтік нысандар бойынша баспасөз турын өткізді.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің заңсыз сатып алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жүйелі жұмысы туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Бұл жұмыс азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді және бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттырады.
Қайтарылған активтер тізіміне бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, тұрғын үйлер, пәтерлер, жайлы мектептер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, сәнді автомобильдер, ақша қаражаттары және т. б. кіреді.
Ақмола облысында мұндай нысан Ақкөл ауданы Кіші Барап ауылында орналасқан «Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы» КММ болып табылады. Айта кетейік, бұл сарай пайдалануға берілген.
Сарайда «Сәтті» арт-шеберханасы, спорт алаңдары, «Өрлеу» коворкинг-орталығы, жасанды су айдыны және балаларға арналған басқа да демалыс орындары жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде әрқашан азаматтық ұстанымды көрсетуге және белгілі фактілер туралы қолданыстағы байланыс арналары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауға шақырады: тәулік бойы тегін Call-center 1424, WhatsApp-8 777 000 1424 нөмірі бойынша чат-бот, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ресми аккаунттар.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП