Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесуінің маңыздылығына және құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға баса назар аударады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жауапты және принципті көзқарастың көрнекі мысалы Ақмола облысы аудандарының бірінің білім бөлімі басшысы тарапынан жасалған құқыққа қарсы іс-қимыл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған Катима Амантайқызы Ахметова болып табылады.

Нәтижесінде Департаменттің превенция басқармасымен мемлекеттік органның басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 680-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот шешімімен лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылды.

Катима Ахметованың азаматтық батылдығы әркімнің заң мен тәртіпті қорғауға өз үлесін қоса алатынын айқын көрсетті. Оның айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру — өз еліңді қорғау, тек мемлекеттің ғана емес, әділетті және құқықтық қоғамға ұмтылатын әр азаматтың міндеті".

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде әрқашан азаматтық ұстаным танытуға және белгілі фактілер туралы қолданыстағы байланыс арналары арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауға шақырамыз: тәулік бойы жұмыс істейтін тегін Call-center 1424, 8 777 000 1424 нөмірі бойынша WhatsApp-чат-бот, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ресми аккаунттар.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП