«Көшпелі қоғамдық қабылдау»: Зеренді ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

«Көшпелі қоғамдық қабылдау»: Зеренді ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 25 маусымында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және халыққа құқықтық қолдау көрсету мақсатында Зеренді ауданының Бәйтерек және Шағалалы ауылдарына «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы аясында жолға шықты.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің, прокуратураның, полиция мен әкімдіктің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар облыстық және кентішілік жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға, субсидиялар алуға, салық салуға, Интернетке сапасыз кіруге, қаңғыбас иттерді аулауға, ҚТҚ полигонын ұстауға, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Барлық өтініш білдірген азаматтарға заң көмегі көрсетіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП