Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар оқыту дәрістері мен семинарларын ұйымдастырды.
Іс-шаралардың мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданыстағы тетіктері туралы ақпараттылығын арттыру, жеке жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіби қызмет барысында этикалық мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Сабақтар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, заңнамадағы өзекті өзгерістер, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының ережелері қарастырылып, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру мен қолдауға ерекше назар аударылды.
«Тек жүйелі ағарту, ашықтық және жеке жауапкершілік арқылы ғана қоғамға адал және әділ қызмет етуге дайын кәсіби әрі парасатты мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыруға болады», – деп атап өтті Департамент қызметкері А.Құсайынов.
Айта кетейік, мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік қызметтің тиімді және ашық жүйесін құру үшін берік негіз қалыптастырады.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП