Ағымдағы жылдың 30 мамырда Көкшетау қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында халыққа тегін заң көмегін көрсету бойынша ауқымды іс-шара өтті.
Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және азаматтарды білікті заңгерлік қолдаумен қамтамасыз ету болды.
Іс-шараға жетекші адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Қала тұрғындары мен қонақтары өздерін толғандырған сұрақтар бойынша мамандарға тікелей жүгініп, білікті заң кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.
Барлығы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнама, жер және еңбек қатынастары, салық салу, ТКШ, құрылыс және т.б. мәселелер бойынша 400-ге жуық өтініш келіп түсті.
«Халық заңгері» - мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Ол азаматтарға білікті заң көмегін алу ғана емес, сонымен қатар өз құқықтарын, міндеттерін түсінуге, ең бастысы - мемлекет тарапынан қолдау сезінуге көмектеседі. Біздің жұмысымызда біз әрдайым заңды құрметтеу, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау - әділ және құқықтық мемлекеттің негізі екенін атап өтеміз. Сондықтан осындай іс-шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді ", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова.
Акция еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Ақмола облысының аудандарында бір мезгілде өтті.
Іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, желілік басылым Zakon.kz, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП