
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысының сапасын бақылау мақсатында жол құрылысына мониторинг жүргізуде.
Бүгінгі таңда өңірде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 15 автожолға мониторинг жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 22 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі, тапсырыс беруші – Атбасар ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтері бар мониторингтік топ Атбасар қаласындағы Ақан Құрманов көшесін қайта жаңарту бойынша жұмыстарға көшпелі мониторинг жүргізді.
2024 жылы ЖАСҰО-ны тексеру актілеріне сәйкес ірі түйіршікті, жоғары кеуектілікті асфальтбетон қоспасындағы битум мөлшері мен ылғалдылық деңгейінің талапқа сай еместігі, асфальтбетон қоспасының төменгі қабатында қиыршық тастың сегрегациясы, сондай-ақ техникалық қадағалаусыз жұмыстардың жүргізілгені анықталды.
Аталған бұзушылықтар үшін «Arch story Invest» ЖШС мердігері ҚР ӘҚБтК 312 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автомобиль жолдарын салуға лицензиясынан айырылды.
Қайта мониторинг барысында бұрын анықталған бұзушылықтар жойылмағаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін мердігерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.
Енгізілген ескерту бойынша орындалу барысы Департамент пен өңір жұртшылығының ерекше бақылауында тұр.
Айта кету керек, мониторингтік топтың шығу жұмыстары жолдарды толықтай салу және қайта жаңарту аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП