Заң мен тәртіп: Ақмола облысында ұзақмерзімді құрылыстарға мониторинг жүргізілді

Заң мен тәртіп: Ақмола облысында ұзақмерзімді құрылыстарға мониторинг жүргізілді

Өңірдің ұзақмерзімді құрылысын сүйемелдеу аясында Атбасар қаласының № 1 ықшам ауданындағы 100 пәтерлі бес тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер құрылысының және жайластырудың көшпелі мониторингі жүргізілді.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов, қоғам қайраткері және антикорволонтер Игорь Плюснин, «АРМ Ingeenering» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі, сондай-ақ тапсырыс беруші - Атбасар ауданының құрылыс бөлімі қатысты.

Мониторинг шеңберінде жинақталған трансформаторлық қосалқы станцияның іргетасын құю, кәріздік сорғы станциясының қондырғысын тазарту, сондай-ақ электр беру желісін монтаждау жұмыстардың барысын қарау және бағалау жүргізілді.

Соңында құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз ету және нысандарды уақытылы пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП