Ағымдағы жылдың 22 мамырында өңір әкімдігінің алаңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын талқылау бойынша кездесу өтті.
Іс-шара жергілікті атқарушы органдардың қызметінде заңдылық, тәртіп және есеп беру қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларды анықтау мен жоюдың пәрменді тетігі ретінде СЖТІТ тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық туризм, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының, сондай-ақ дін істері және мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармаларының басшылары баяндама жасады.
Сонымен қатар, 23 мамырда аудан әкімдерінің орынбасарларымен және аппарат басшыларымен осыған ұқсас кеңес өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП