Ағымдағы жылдың 22 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті ІІМ-мен бірлескен іс-қимыл жоспарын орындау аясында Атбасар ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен көшпелі кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және ілгерілету мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысушыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікпен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі алдын алу тетіктерімен таныстырды, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізгі факторы болып табылады», — деп атап өтті Абай Жаналинов.
Соңында спикер қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік танытуға, заңнаманы қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтап, алдын алу үшін профилактикалық құралдарын белсенді пайдалануға шақырды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП