Алматы қаласында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» ұранымен «Саналы Ұрпақ» ерікті студенттік клубының мүшелерінің слеті өтті.
Іс-шараны Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бірлесе ұйымдастырды.
Слеттің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және әділ, адал қоғам құруға үндеу.
Слетке Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының студенттері мен өкілдері қатысты.
Слеттің ашылу рәсімінде Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев құттықтау сөз сөйлеп, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тарту мен жас ұрпақ арасында адалдық пен әділеттілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Слет бағдарламасы үш негізгі кезеңнен тұрды:
1.«Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кейстерді талдау және қорғау
3.Командалар капитандарының байқауы
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды:
I орын – 50 000 теңге
II орын – 30 000 теңге
III орын – 20 000 теңге
Қазылар алқасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдерінен, жоғары оқу орнының беделді мамандарынан және қоғам қайраткерлерінен құралды.
Слет студент жастар арасында адалдық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.