Ғылым қызметкерлері күніне орай, 2025 жылғы 10 сәуірде Алматыда «Жастар және заң: құқықтар, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақырулар» тақырыбында тақырыптық коллоквиум өтті. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамда насихаттау және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Оқиғаның бастамашылары болып Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, оқытушылар мен студенттердің белсенді қолдауымен жүзеге асты.
Коллоквиумның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, ғылыми қауымдастықты сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін шешу жолдарын табуға және оларды азайтуға бағытталған жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынуға тарту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Іс-шараға Рогов Игорь Иванович — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы (онлайн байланыс арқылы), Рахимов Арман Тастемірұлы —Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, Сабитова Айнур Алимхановна — Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының содиректоры, Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ғылыми жетекшілері мен студенттері қатысты.
Панельдік сессиялар аясында сыбайлас жемқорлықпен күресуге, адалдық принциптерін, құқықтық сауаттылықты насихаттауға және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті дамытуға бағытталған студенттер-еріктілердің ғылыми жобалары мен зерттеулері ұсынылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық материалдарды әзірлеуге белсене қатысқан оқытушылар мен студенттер сертификаттармен марапатталды. Коллоквиум барысында әзірленген бұл материалдар мемлекеттік және қоғамдық салаларда этикалық стандарттарды қалыптастыру бағытындағы алдағы зерттеулер мен практикалық бастамалардың негізі болады.
Коллоквиум маңызды алаңға айналды, ол Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде өзекті мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер іздеуге мүмкіндік берді. Іс-шараның нәтижелері білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ қоғам игілігі үшін тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға үлес қосады.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢ мен ТӘРТІП