Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Алматы облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныс қаралды.
Жиналысқа Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Бахытов Дамир Берікұлы, Шекара қызметі Департаменті бастығының бірінші орынбасары Алиев Айдос Абдивахабұлы, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің АМІЖ тергеушісі Еркін Нұрлан Елжасұлы және Шекара қызметі Департаментінің жеке құрамы қатысты.
Қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқықбұзушылықтарға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.
Атап айтқанда, жұмысқа үміткерлерді іріктеу, олардың құжаттарын қабылдау және медициналық комиссиядан өту кезінде қызметкерлердің жұмысын ведомстволық бақылауды енгізу, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізу ұсынылды.
Жиналыс соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін ведомстволық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат берілді.