Колледжде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында дәріс өтті

Колледжде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында дәріс өтті

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы технология және флористика колледжінде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымовпен кездесу өткізілді.

Өз сөзінде Жарқын Ғалымов құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол елдің болашағы жастардың азаматтық белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне, сондай-ақ әділдік және парасаттылық қағидаттарына деген адалдығына тікелей байланысты екенін айтты.

Сонымен қатар, академиялық адалдық тақырыбы қозғалып, жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әділдік пен ашықтықты сақтау қажеттілігі талқыланды. Студенттерге плагиат, парақорлық, жалған құжат жасау сияқты теріс әрекеттердің құқықтық және моральдық салдары туралы түсіндірілді.

Студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, содан кейін ашық пікірталас өтті, онда студенттер сұрақтар қойып, шақырылған спикермен құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерін талқылай алды.

Іс-шараға қатысушыларға құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қоғамдағы адалдық пен заңдылық құндылықтарын таратуға ықпал етеді.

 

# Заң_мен_жоғары тәртіп

# Заң мен тәртіп