Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы қызметкерлері «Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізді.
Кезекті кездесу Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттерімен өтті, онда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, сондай-ақ қоғамдағы адалдық қағидалары түсіндірілді.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ интерактивті пікірталасқа қатысты.
Ерекше назар қазіргі қоғамдағы адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына аударылды.
Іс-шараның соңында студенттерге тәулік бойы жұмыс істейтін тегін 1424 колл-орталығының қызметі туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢ мен ТӘРТІП