
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Алматы қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаевпен «Заң және тәртіп: әділеттіліктің негізгі принципі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның іске асырылу принциптері мен механизмдері, сондай-ақ әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу рөлі талқыланды.
Қанат Сәлімбаев қатысушыларды құқықтық мәдениетті сақтауға, әділеттілік пен адалдық принциптерін ұстануға шақырып, бұл шаралардың елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының тиімділігінің негізі екенін атап өтті.
Іс-шара барысында азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Бұл бейнероликтер сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, заңдылық пен адалдықты сақтаудың маңызы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған құқықтық тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Есімізде болсын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың қатысуын талап ететін үнемі жалғасып отыратын процесс, және тек осылай біз Қазақстанның гүлденген болашағын құра аламыз. Біртұтас команда болып, жоғары әділдік пен адалдық стандарттарын сақтай отырып, елімізде айтарлықтай жақсы өзгерістерге қол жеткізе аламыз.
# Заң_мен_жоғары тәртіп
# Заң мен тәртіп