Антикор мен Алматы әкімдігі денсаулық сақтау және құрылыс жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелерін талқылады

Антикор мен Алматы әкімдігі денсаулық сақтау және құрылыс жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелерін талқылады

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары, тау бөктеріндегі аймақ пен құрылысы ұзақ мерзімге созылған объектілерді салу мәселелері айтылды.

Талдау қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласында 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оларды жою үшін 20 ұсыным әзірленді.

Бюджет қаражатын жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды өткізу, сыйлықақы төлемдерін бөлу және бір мезгілде бірнеше медициналық мекемелерде жұмыс істеген адамдарды жұмысқа тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кешенді тәсілді және барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың белсенді қатысуын талап ететінін атап өтті.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін ерекше бақылауға алу, комплаенс офицерлердің кәсіби сәйкестік деңгейін арттыру, сондай-ақ бухгалтерлік есептің заманауи электрондық жүйелерін енгізу қажет.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әкімдіктің жауапты бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен Алматы әкімдігі бірлесіп мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген барлық салалардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған іс-қимылдарды әзірлеп, іске асыруда.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов тау бөктеріндегі аймақтағы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Оның ішінде Жер кодексіне өзгерістер енгізілгенге дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге және сегменттеуге мораторий енгізу туралы айтылды. Қаланы егжей-тегжейлі жоспарлаудың бекітілген қағидалары бойынша цифрлық картадан үзінді көшірменің сәйкестігін салыстыру бойынша талаптарды белгілеу мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, қала аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарын Жер кодексіне сәйкес келтіру процесі туралы хабарлады.

Өз сөзінің соңында аппарат басшысы Комиссияның қарауына шығарылған үшінші мәселе бойынша да баяндама жасады. Ол қатысушыларды проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау үшін кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы таныстырды. Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында үш әлеуметтік маңызды нысан-ұзақ мерзімге созылған құрылыс пайдалануға беріледі, қалған екі нысан 2025 жылы аяқталады.

Отырысты қорытындылай келе, қала әкімі Ерболат Досаев: «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір басшы үшін күнделікті жұмыс үрдісіне айналуы тиіс. Ресми жұмыс әдістерінен бас тарту және халықтың наразылығын тудыратын жүйелі проблемалық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті.