«Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры туыстарына мемлекеттік пәтерлер сатқаны үшін сотталды

«Алматы қаласы әкімдігінің  күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры туыстарына мемлекеттік пәтерлер сатқаны үшін сотталды

 

Алматы қаласы №2 Медеу ауданының аудандық соты  «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Р. Байтасовқа қатысты үкім шығарды.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Байтасов өзінің туыстары мен таныстарына 23 мемлекеттік пәтерді төмен бағамен заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды, бұл "Алматы"ӘКК"АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау барысында анықталған.

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 388 млн теңгеден асты.

Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.