"Алматы "ӘКК " АҚ және ауыл шаруашылығын субсидиялау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары талқыланды

"Алматы "ӘКК " АҚ және ауыл шаруашылығын субсидиялау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары талқыланды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы және "Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары, сондай-ақ ұсынымдардың орындалу барысы айтылды.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Асхат Оразханның айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты басқарманың алдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

Сондай-ақ, бұрын жасалған қылмыстық істер бойынша ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыным қаралды.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.