Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Құрылыс мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жоспарлануда

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Құрылыс мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жоспарлануда

2022 жылғы 11 тамызда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін "Адал көмек" жобасы шеңберінде Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді!

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында жалпы әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдар салу мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетілетін болады.

Құқықтық кеңес көрсететін:                                                       Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Шаханов Бейбіт Маратханұлы

Мекен-жайы:" Аntikor ortalyǵy",  Жібек жолы көшесі, 15 (қиылысы Барибаева)

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(707) 993 16 03