Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық басқару нәтижелері тыңдалды

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық басқару нәтижелері тыңдалды

Алматы қаласының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық басқару міндеттерін іске асыру бойынша мемлекеттік органдарды тыңдады.

Күн тәртібіндегі басты мәселе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға бағытталған №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыруды талқылау болды.

Кеңеске мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары және қоғам қайраткерлері қатысты.

 Іс-шара барысында әкім жобалық топ жетекшісін тыңдап, ҮББ-4 міндеттерін сапалы орындау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр басшы үшін күнделікті жұмыс процесі болуы керек. Жұмыстың формалды әдістерінен алшақтап, халықтың наразылығын тудыратын жүйелі проблемалық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау қажет", - деп Ерболат Досаев атап өтті.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан жергілікті атқарушы органдардың назар аударуы қажет сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдыңғы қатарында азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға алып келетін халықтың проблемалық мәселелерін шешу тұр. Бүгінде Алматыда қала тұрғындарын толғандыратын және олардың тарапынан сын тудыратын негізгі салалар анықталды.  Бірінші, бұл денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын әлеуметтік сала, сондай-ақ нүктелі құрылыс, жер мәселесі және құрылыс салуға рұқсат құжаттарын алу өзекті болып табылады. Айта кету керек, Алматы - бизнес қаласы, осыған байланысты кәсіпкерлерді салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері толғандыруда. Соңғы, бірақ маңыздысы - экология саласы да біздің халықтың алдында өткір мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назары осы бағыттарға аударылатын болады", - деп Асхат Оразхан атап өтті.