"Antikor ortalygy" алаңында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалдымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мәселелері бойынша кездесті.
Кездесу барысында ЖОО қызметіне қатысты өзекті мәселелер, бірлескен бастамалардың перспективалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, мемлекеттік сатып алуларға, комплаенс-қызмет қызметіне талдау жүргізу тетіктері мен қорытындылары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тәсілдер қаралды.
Қорытындылай келе, тараптар 2022-2023 оқу жылдарына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жоспарына қол қойды.
"Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдықтарының бірі. Бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз. Өз кезегінде Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелерінде әдіснамалық және өзге де көмек көрсетуге дайынбыз", - деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразханатап өтті.