Басшылық қызметке алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер Алматы изоляторында болды

Басшылық қызметке алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер Алматы изоляторында болды

Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалының бастамасы бойынша алғаш рет басшылық лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аясында ЛА 155/18 түзеу мекемесіне экскурсия жүргізілді.

Аталған іс-шара қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қатысушылар тергеу кабинетіне, тексеру бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған аумаққа тар дәліздерді аралап шықты. Тұтқындар отыратын камералар да көрсетілді.

"Мұндай шара мемлекеттік қызметшілер үшін моральдық қағидаттар мен қолданыстағы заңнамалардан аулақ болу үшін алдын алудың пәрменді тетігі болып табылады. Мұндай тәжірибені әрбір адам, мейлі ол басшы болсын, қатардағы қызметкер болсын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалған жағдайда оның қандай салдары болатынын анық түсініп, сезінуі үшін тұрақты негізде қолданғымыз келеді", - деп Академия филиалының директоры Әйгерім Әбілова атап өтті.

Соңында келушілер экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, көргендері оларға қатты әсер еткенін айтты.