ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтады.
Талдау ағымдағы жылдың 19 шілдесінен 15 тамызына дейін жүргізілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне осы кешенді сыртқы талдау Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүкіл республика бойынша жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау кезінде барлық нормативтік құжаттар, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданды.
Басқармада Агроөнеркәсіптік кешенде субсидиялау саласында бірқатар мемлекеттік қызметтер бар:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
2) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта 676 кәсіпкерлік субъектісі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады, оның ішінде 507 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 169 – ЖК, 693 – шаруа қожалықтары.
Алматы қаласы бойынша субсидияны барлығы 38 компания алды, бұл жалпы санның 5,6% - ын құрайды.
Талдау барысында бұзушылықтар анықталды, мысалы, олардың кейбіреулері:
- бюджетті жоспарлау тетігі мен критерийі жоқ, жоспарлау ұтымды жүргізілмейді, бұл жыл сайын жоспарланған бюджет қаражатының 50% - дан астамын игермеуге әкеледі.
- нәтижелерді есептеу көрсеткіштері және субсидиялар берудің нысаналы индикаторлары бойынша мониторинг жүргізілмейді, бұл басқарманың негізгі функцияларының бірі болып табылады.
- субсидияланатын тауарлар мен жабдықтарды бағалау жүргізілмейді, сарапшылар (бағалаушылар) ұқсас тауарларға баға мониторингін жүзеге асырмайды.
- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауға бағытталған бұрын берілген субсидиялардың тиімділігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілмейді.
- Алматы қаласының агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілері бойынша олардың қызметінің негізгі көрсеткіштері, оның ішінде шығарылатын өнімнің түрлері мен көлемдері бойынша ақпаратты қамтитын деректер базасы жоқ.
-Бағдарлама операторлары мен АӨК субъектілері үшін ҚР АШМ жанында бірыңғай байланыс орталығы жоқ және субсидиялау саласында іске асырылып жатқан шаралар туралы азаматтардың хабардарлығы нашар екені байқалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ залалды өтеу бойынша шаралар қабылдау бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдауға міндеттенеді.