Алматыда ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы интеллектуалды ойыны өтті

Алматыда ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы интеллектуалды ойыны өтті

2021 жылдың 31 мамыр мен 2 маусым аралықтарында "Jas Otan" ЖҚ мен "Тұран" университеті жанында құрылған "Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесі біріге отырып, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында "ARG ANTIKOR" атты Алматы қалалық ойынын ұйымдастырды.

Аталмыш ойынға ЖОО мен мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, Алматы қаласының сабалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де шақырылды.

Жалпы ойын 2-кезең бойынша өтті. 1-кезеңге сәйкес, қатысушыларға арнайы құрылан QR-код әзірленіп, 5 сыбайлас жемқорлыққа қатысты ситуациялық есептер ұсынылды. Және ойынның 1-кезеңінің ережесіне сәйкес, қатысушылар ұсынылған 5 есептің тек біреуінде ғана дұрыс сыбайлас жемқорлық жасаған қылмыскерді ұстап, жауабын беру керек болатын. Және де 1-кезең нәтижесі бойынша 17 қатысушы 2-кезеңге өтті.

2-кезеңде қатысушыларға ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларына сәйкес, 25 сұрақтар тұран тест әзірленді. Нәтижесінде, 9 қатысушы 1,2,3 – дәрежелі дипломдарға ие болып, оның ішінде 1 – қатысушыға «Үздік аргумент» атты номинациясы берілді. Ал қалған 8 қатысушыға арнайы қатысушы сертификаттары берілді.

  Ойын жеңімпаздары:

- 1 дәрежелі дилом - Советова Д.О;

- 2 дәрежелі дилом - Әзілхан Т.Ә., Пишенбаев Э.Р., Сулейменова А.Б.,

Алдомжарова Т;

- 3 дәрежелі дилом - Ахметова Г.М., Калымжанова А.Б., Абдигали Б.Е;

- «Үздік аргумет» номинациясы - Қуанышбай Н.Б.

Құқықтық мемлекет үшін әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды сыни тұрғыдан түсінетін, білімді, жоғары мәдениетті, толерантты, мақсатқа ұмтылған, сенімді, таптаурынсыз азаматтарды тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады. Сол себепті де ойынның негізгі міндеті болып – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілік сезімін аттырып, азаматтық белсенділіктерін дамыту болып табылады.