Алматыда "жақсылық палитрасы" акциясы өтті

Алматыда "жақсылық палитрасы" акциясы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге
"Алматы – адалдық алаңы" және жақсылық акселераторы: Ізгілік елшісі аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне "жақсылық палитрасы"сурет сабағы өткізілді.

Сурет салу бойынша оқытушы ретінде белгілі қазақстандық суретші Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы сөз сөйледі.

Акцияның мақсаты балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, шыдамдылық, зейін және қиял сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады.

"Шығармашылық әр баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. Оларды қолдау және өзіне деген сенімділікті ояту үшін осындай идея пайда болды - "жақсылық палитрасы"акциясы. Бүгін бұл мереке өтті", - деді Тоққожа Қожағұлов.

Көптеген жұмыстар табиғат пен жануарлар әлеміне арналды. Педагогтар мен еріктілер балаларға өздерінің шағын жауһарларын жасауға көмектесті.

Іс-шара соңында барлық кішкентай қонақтар суретшінің одан әрі шығармашылығына пайдалы сыйлық – бояулар, гуашь және қылқалам жиынтығын алды.