Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі
Мемлекеттік қызметшілер арасында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен қалалық прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, осы саладағы заңнамалық талаптар жөнінде құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ шығармашылық белсенділікті, креативті және тың ойлау қабілетін ынталандыру болды.
Байқау шеңберінде 40-тан астам жұмыс ұсынылды. Қатысушылар заңдылықтың, этикалық қағидалардың және халыққа қызмет ету ұстанымдарының маңыздылығын терең түсінетіндерін көрсетті.
Олар өз жұмыстарында қызметтік міндеттерін адал атқарудың нақты мысалдарын, құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бастамаларын және халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған идеяларын ортаға салды.
Аталған байқау тек тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру мен құқықтық сауаттылықты арттыруға ынталандыратын маңызды құралға айналды.
«Заң және тәртіп»