Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы ұйымдастырған XII Спартакиада аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрі — «Қазақ күресі» бойынша жарыстар өтті.
Спорттық шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және басқа да ведомстволардың құрама командалары қатысты.
Жарыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы дене дайындығы деңгейін арттыру болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ақыл Қырықбаев жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аталған жарыстар күштік құрылымдар қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, тәжірибе алмасуға және командалық рухты нығайтуға айырықша мүмкіндік береді.