Алматы қаласында «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы өтуде

Алматы қаласында «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы өтуде

2025 жылғы 24–28 маусым аралығында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті) прокуратура, полиция және Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясын ұйымдастыруда.

Аталған күндері қаладағы әрбір ауданда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру мақсатында көшпелі қабылдаулар өткізіледі.

Іс-шаралар саябақтарда және қоғамдық орындарда өтеді.

📍 Шығу кестесі:

 

  • 24 маусым — Алмалы және Бостандық аудандары
  • 25 маусым — Жетісу және Медеу аудандары
  • 26 маусым — Әуезов және Түрксіб аудандары
  • 27 маусым — Наурызбай және Алатау аудандары

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан процессуалдық офицерлер қатысуда.

Бір күннің ішінде 300-ден астам азаматқа кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — отбасынан басталады» атты жадынамалар таратылды.

Мұндай тәсіл өзінің тиімділігін көрсетіп, тұрғындарды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП