«Әділ Қоғам» жобасының іске қосылуы туралы

«Әділ Қоғам» жобасының іске қосылуы туралы

2025 жылғы 24 маусымда қоғамда адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты – мәдени-ағартушылық және білім беру бастамалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жобаның бастамашылары: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Әділ қоғам» жобасының өңірлік орталықтарын белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар мен журналистер басқарады.

Сондай-ақ жоба аясында университеттер, мәдени ұйымдар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдерінен тұратын сараптамалық кеңес жұмыс істейді.

Жобаның іске қосылуына аумақтық департаменттер, қоғам өкілдері және жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Алматы қаласы атынан жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Сабитова А.А.,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева қатысты.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП