Алматы қаласында «Заң және тәртіп апталығы» акциясы басталды

Алматы қаласында «Заң және тәртіп апталығы» акциясы басталды

Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Департаменті қоғамда құқықтық тәртіп идеяларын насихаттауға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік кеңес беруге бағытталған бірқатар іс-шараларды апталық шеңберінде өткізуді бастады.

23 маусым күні әлеуметтік эксперимент өткізіліп, ең қырағы азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.

Алматы қаласының барлық 8 ауданының саябақтарында 24–28 маусым аралығында прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Көшпелі қоғамдық қабылдау» (яғни, көшпелі қабылдаулар) ұйымдастырылды.

Мұндай тәсіл өз тиімділігін көрсетіп, халықты барынша қамтуға мүмкіндік береді.

Тек бір күн ішінде 300-ден астам азаматқа құқықтық кеңес пен көмек көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — отбасынан басталады» атты жадынамалар таратылды.

24 маусым күні Ашық есік күні ұйымдастырылып, азаматтарға кеңестер беріліп, жеке тұлғалардың өтініштері қабылданды.

27 маусым күні мемлекеттік қызметшілер арасында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылады.

 

 

 

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП