Алматыда «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өзара іс-қимыл басымдықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды

Алматыда «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өзара іс-қимыл басымдықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды

Алматы қаласында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қаладағы құқық қорғау органдарының, соның ішінде прокуратура, Экономикалық тергеу департаменті, полиция және Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші басшылары қатысты.

Негізгі назар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне аударылды.

Бұл бағытта Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Жыл басынан бері 8 000-нан астам адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара өткізілді. Қатысушылар қатарында – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор, жастар және жұртшылық бар.

Ақпараттық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шаралар туралы материалдар тұрақты түрде жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық жүргізілуде.

Осы жұмысты жалғастыру мақсатында 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі және жоспарлы түрде жалғасатын болады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП