«Заң мен Тәртіп» акциясы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да қор қызметкерлерімен кездесу өтті. Бұл кездесу пікір алмасу және өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Іс-шараға Департаменттің еріктісі Әділжан Ағжигитов қатысып, қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау қағидаттары бойынша жан-жақты түсініктеме берді.
Мемлекеттік құрылымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен есептілікті арттырудың негізгі тетіктеріне ерекше назар аударылды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, соның ішінде кірістер мен мүлікті декларациялау міндеттемелері бойынша құнды практикалық ұсыныстар алды.
Семинардың маңызды бөлігі ұйым қызметі шеңберінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды азайтудың тиімді жолдары бойынша мазмұнды пікірталастар болды.
#ЗАҢ менТӘРТІП
#заң мен тәртіп