Жұмыс кездесуі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен өткізілді

Жұмыс кездесуі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен өткізілді

«Заң және тәртіп» нарративі аясында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаменті жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 300 адам қатысты.

Кездесу Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығы алаңында өтті.

Іс-шараға мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және осы ұйымдардың бухгалтерлері қатысты.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымов Жарқын білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелерін жан-жақты атап өтіп, адалдық пен парасаттылық қағидаттары әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстарын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен негізгі заңнамалық актілер таныстырылды

Өз сөзінде Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев елдің болашағы әр азаматтың белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды дәріс және профилактикалық жұмысы үшін алғыс білдірді.

 

#ЗАҢ менТӘРТІП

#заң мен тәртіп