«Алматыда жыл сайынғы республикалық Халық заңгері атты акциясы өтті»

«Алматыда жыл сайынғы республикалық Халық заңгері атты акциясы өтті»

2025 жылдың 30 мамырында Алматыда жыл сайынғы республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті.

Бұл маңызды іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама аясында өткізіліп, азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған.

Акция аясында мемлекеттік органдардың шамамен 40 өкілі, сондай-ақ 100-ден астам білікті заңгерлер мен адвокаттар қала тұрғындарын қабылдап, тегін заңгерлік көмек көрсетті.

Қала тұрғындарының көпшілігінің сұрақтары банк және салық саласына, тұрғын үй мәселелеріне, жер қатынастарына, қала құрылысына және басқа да әлеуметтік маңызы бар салаларға қатысты болды.

Құқықтық көмек пен кеңеске мұқтаж қала тұрғындарының ішінде әлеуметтік осал топтар – аз қамтылғандар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ студент жастар да бар.

Әрбір қатысушы толыққанды кеңес алып, өзекті сұрақтарды шешу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарына жүгінді.

2016 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта бұл акцияға 10 000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 300 000-нан астам қазақстандық тегін консультация алды.

Жыл өткен сайын тұрғындар осы жобаның аясында құқықтық көмекке жүгінуді белсендірек етуде, бұл өз кезегінде халықтың проблемалық мәселелерін шешудегі мемлекеттік органдардың ашықтығының көрсеткіші болып табылады.

Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Әділет министрлігі ұйымдастырды.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП