Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының алаңында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Өз сөзінде превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда әр адамның рөлін атап өтті.
Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті.
Іс-шараның соңында консерватория ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады.
#ЗАҢ менТӘРТІП
#заң мен тәртіп