«Заң және тәртіп» нарративі аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаменті КМҚК «Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №2» және Алматы көпсалалы колледжінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін семинар ұйымдастырды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол пара алу, бағаны қолдан жоғарылату, емтихан билеттерін сату, білім гранттары мен бюджеттік орындарды заңсыз бөлу, тамыр-таныстыққа жол беру сияқты сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністері бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен негізгі заңнамалық актілер таныстырылды
Өз сөзінде Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол елдің болашағы жастардың азаматтық белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне, сондай-ақ адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына деген адалдығына тікелей байланысты екенін айтты.
Семинар соңында колледж директорлары спикерлерге мазмұнды дәрісі мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстары үшін алғыс білдірді.
#ЗАҢ менТӘРТІП
#заң мен тәртіп